27.07.2023, 17:15
Оқылды: 21

Көңілді эстафета ойыны өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шағын футбол аланыңда «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарының екінші маусымдық жұмысының аяқталуына орай жастар арасында көңілді эстафета ойыны өткізілді.

362984853_2300319647024658_6182982720070392770_n

Бұл шараның мақсаты жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалану, достық қарым-қатынастарын нығайту. Шараға жастар ресурстық орталығының басшысы Дәурен Құбайдоллаұлы қатысып жастарға ойын барысында сәттілік тіледі.

362990126_2300319597024663_8215281612835202816_n

Жарыста жеңімпаз командаларға жастар ресурстық орталығының атынан диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

А.Бисенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале