31.07.2023, 10:00
Оқылды: 45

Төрт қазақстандықтан қара нарықтағы бағасы 580 миллион теңгеден асатын есірткі тәркіленді

17 мен 24 шілдеде ҰҚК-нің Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарымен бірлесе синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

82a91f3225a63efdbb96071f58bc0fea_1280x720

Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттар, бір тоннадан аса прекурсор, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.

Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 580 млн теңгеден асуы мүмкін.

Ұсталған төрт азаматқа қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале