31.07.2023, 12:30
Оқылды: 43

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады.

InShot_20230731_122017450

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңгені құраған.

«Даму» қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетіп, жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен.
Бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсеткен.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілді.
Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген.
Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға тиесілі.
Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале