1.08.2023, 17:40
Оқылды: 51

БҚО-да егде жастағы тұрғын өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Кеше  шамамен 16:30-17:00 аралығында БҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Әлішер Ғайсин мен Сәндібек Мурзағалиев және Дархан Ғалымов Орал қаласындағы Зачаган кентінде автокөлікпен өтіп бара жатып, көпқабатты үйлердің бірінде төртінші қабаттың терезесінен аяғы салбырап отырған ер адамды байқаған.

WhatsApp Image 2023-08-01 at 15.24.07

Полицейлер дереу көлікті тоқтатып, ер адамды құтқаруға жүгірген. Тәртіп сақшыларының бірі үйдің сыртында қалып, көңілін аулап, әлгі адамды әңгімеге тартқан. Қалған екі қызметкер жүгіріп пәтерге көтерілген, алайда есік іштен құлыптаулы болған.

Олар жоғары қабаттағы көршіге барып, пәтерге кіруге рұқсат сұрап, сол үйден қолға іліккен құралдардың көмегімен төменгі қабатқа түсуге әрекет жасаған.

Алайда қауіпсіздікке күмәнданған олар төменде жиналған адамдардан шынжыр арқан сұрастырған. Төменде жиналған адамдардың ішінен көлікті сүйреуге арналған шынжыр арқаны бар жігіт полицейлерге көмекке келіп, басқаларына қарағанда өзінің әлдеқайда жеңіл екендігін айтып, түсіруге оңай болу үшін өзін төменге түсіруді сұраған.

Көмекке келген жігіт терезе алдында отырған қарияны аяғымен ішке қарай итеріп кіргізген.

Артынан оқиға орнына басқа да полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келіп жеткен.

Қазір 69 жастағы азаматтың өміріне еш қауіп жоқ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале