2.08.2023, 10:15
Оқылды: 50

Құны 1,3 миллиард теңге құрайтын темекі көлеңкелі айналымнан жойылды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысындағы департаменті акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған екі миллионнан аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы анықтады.

ЖП ақша

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңге екені белгілі болған.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға болмайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале