3.08.2023, 12:45
Оқылды: 18

Пойма ауылында қос бірдей ойын алаңы ашылды

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Пойма ауылында екі бірдей балалар ойын алаңы ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бюджет қаражаты есебінен бой көтерген алаңдардың ашылуына Теректі аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Рауан Сатыбалдиев, округ әкімі Жаннұр Ахметов, ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

ойын (1)

Қос алаңды салуға «Евразия»  жеке кәсіпкерлігі жұмылдырып, сапалы әрі уақытында халық игілігіне тапсырған.

Балалар алаңқайының салтанатты ашылу және лента қию рәсімдерінде Ақсуат ауылдық округі әкімі Жаннұр Бекбауұлы, округтегі қоғамдық кеңес төрағасы Қайрат Әділханов, ауыл тұрғындары Қымбат Мәжитқызы және Қымбат Бабенова құттықтау сөз сөйледі.

ойын (2)

Алаңқайға келген балақайларға «Іс үшін-За дело» ЖҚБ тегін балмұздақ пен тәттілер үлестірді.

Ауыл өнерпаздары Азета Мусина және Айгүл Абдирова әсем әннен шашу шашып, жиналғандарға керемет көңіл күй сыйлады.

ойын (3)

Атап өту керек, округ бойынша дәл осындай балалар алаңы мен спорттық алаңдар осыған дейін Ақсуат, Магистральный және Әйтиев ауылдарында ашылған еді. Енді Пойма ауылында да бір емес, қос бірдей алаңқай бар.

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

ойын (4) ойын (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале