27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып жүргізген жедел-тергеулік шаралар нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұстады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеріліп жатыр.
Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.