4.08.2023, 14:44
Оқылды: 59

Семейдегі өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақта ашылды

Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

Бүгін «Семей орманы» резерватында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

IMG_20230804_143803_332

Мемориалдық тақтаны ашу құрметін орман шаруашылығының ардагері, Новая-Шульба филиалы Центральное орманшылықтың шебері Александр Сергеевич Решетин қабылдады.

IMG_20230804_143805_845

Орман өртімен күрескен батырлардың құрметіне мекеме ұжымы мен жақын туыстары бастарын иіп, бір минут үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды.

IMG_20230804_143812_650

«Алапат өрттерден орманды және адамдарды қорғауда қаза тапқан батырлардың ерлігі ұмытылмауы үшін, ормандарды сақтау мен қорғаудағы ауыр да, қауіпті еңбекті келешек ұрпақтың жадында сақтау үшін, ерлік көрсеткен әріптестеріміздің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнаттық. Өмір – ең қымбат қазына. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Әріптестеріміздің қазасы туралы жан түршігерлік хабарды бәріміз де терең қайғымен еске аламыз. Олар біздің жадымызда мәңгі сақталады», - деді «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» бас директорының м.а. Әсемгүл Нсамбекова.

Фото ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале