Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстың барысын тексерді.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады.
Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш қазандық пен үш турбиналы генератордың жөндеуі аяқталуы жақын.
Нысанда жұмысшы жетіспейтіндіктен жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктіріліп жатыр.
Мердігер ұйым басшылығының («AB Construction» ЖШС) есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.
Теміртауда Роман Склярға жылу желілерін жөндеу бағдарламасы ұсынылды.
Қалада жылу желілерінің барлық тозған учаскесі бойынша реконструкциялау жүріп жатыр.
Жұмыс жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстың басқа да бірқатар энергия көзін аралады. Ол Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.