8.08.2023, 16:15
Оқылды: 66

Жаңақала ауданының ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбавтың 2023 жылдың 7 тамызындағы №128 өкімімен Азат Раниұлы Муканов Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жаңа тағайындау

Азат Ранилұлы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 1993 жылы 22 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін құқық мамандығы бойынша тәмәмдаған.

13.07.2015-30.09.2015 жылдары Орал қаласында «Наталья» жеке кәсіпкерлігінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңгері.

19.10. 2015-24.03.2016 жылдары Батыс Қазақстан облыстық су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің заңгері.

24.10.2016 – 15.03.2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

16.03. 2018-31.10.2019 жылдары «Гермес corp» ЖШС-ның заңгері.

04.11.2019 – 10.09.2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маман.

10.09.2020 – 10.04.2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы.

.2023 жлыдың 10 сәуірінен бүгінгі күнге дейін Жаңақала ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыру-бақылау, құжаттамалық қамту және қаржылық шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале