9.08.2023, 17:30
Оқылды: 134

Қазақстан құрама командасы географиядан халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр

Қазақстандық оқушылар 2023 жылдың 8-14 тамызы күндері Индонезияның Бандунг қаласында өтіп жатқан IGEO халықаралық географиялық олимпиадасына қатысып жатыр.

Бұл туралы ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

6611b762f28421535819bd2f930cfd00_1280x720

Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы және екі жетекші қорғап отыр.

Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы екі алтын, бір күміс және үш қола жеңіп алған.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале