Бір жыл бұрын ауданның бас денсаулық сақшысы Әділгерей Ғаббастың Астанада Қазақстандағы Жапон елшілігінің қабылдауында болып, олардың «Шөп тамыры» бағдарламасына қатысты. Грант бойынша медициналық құрылғылар ұтып алған еді. Осы құрылғыларды тексеруге елшіліктің 1-ші хатшысы Аракава Масаёри мырза келіп, қондырғылардың жұмыс істеп тұрғанын өз көзімен көріп, риза болды. Елшілік хатшысы 11 құрылғы орнатылған орындарды түгел аралап, олардың қалыпты жұмысына көз жеткізді.
Аурухана ұжымы мекеменің конференция залында құрметті мейманмен кездесу өткізіп, шетелдік қонаққа ұжымның жұмыс процесі осында орнатылған бейнеэкран арқылы таныстырды.
А. ХАМЗИН
Бөкей ордасы ауданы
WWW.zhaikpress.kz