Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет үйінде Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Бақытгүл Серікқызы, «Ақжайық ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының басшысы, аға сот орындаушы Ануарбек Райханұлы, облыстық Адвокаттар алқасының адвокаты Назгүл Закарияқызы және облыстың жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Марат Нұртайұлынан құралған топ таңертеңгі 11-ден кешкі 6-ға дейін аудан халқымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Алдымен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сөз сөйлеп, кез келген тақырыпта көмек алуларына мүмкіндік барын айтты.
Сондай-ақ заң жүзінде көмек көрсетушілерге де алғысын білдірді.
Әрі қарай Бақытгүл Серікқызы заңгерлердің халыққа қолынан келгенше жәрдем беруге даяр екенін жеткізді.
Кездесуге келушілер несие, мұрагерлік мүлік, жер телімі, жұмыс мәселесі жөнінде жеке сұхбаттасуға жүгінді.
Жұмыс барысында халыққа заңды түрде көмек көрсетілді.
Жанна Миха,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz