11.08.2023, 17:30
Оқылды: 78

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 60-тан астам тексеру жүргізді

1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген болатын.  Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік инспекторлар 62 тексеру жүргізген. Оның 45-і жоспардан тыс және 17-і профилактикалық бақылау шеңберінде өткізілген.

калам

Мемлекеттік бақылаумен 13 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 8 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 8 әкімдік, 7 дүкен, 4 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 3 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 «Қазпошта» бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және тағы басқасы қамтылған.

Мәселен, Жетісу облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті «Дәулет», «ЦУМ», «ГУМ», «Мактуб», «Шолпан» сауда үйлерінде, сондай-ақ «Асыл қазына» кітап дүкенінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде объектілердің меншік иелеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізген. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым беріліп, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале