Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Педагогикалық шеберлік орталығында отандық білім берудің болашақ топ-менеджерлерімен кездесті. Олардың барлығы ПШО-да кадрлық резервті дайындаудың ауқымды бағдарламасы аясында оқуда.
– Сіздердің араларыңызда ертең менің орнымды басатын болашақ министрлер бар екеніне сенімдімін», – деп⠀мойындаған⠀Ғани Бейсембаев⠀артынша бірден әзілдеді:
– Әрине, тура мағынасында тап ертең емес.
Ашық әңгіме барысында Ғани Бектайұлы көптеген мәселелер бойынша өзінің жеке ұстанымы туралы бөлісті, оның ішінде кадрлық жобаның барлық қатысушыларының нақты келешегі туралы:
– Бүгінгі ПШО-да оқып жатқан педагогтердің⠀арасында бірнеше жылдан кейін директорлар да, әкімдер де, министрлер де, басқа отандық топ-менеджерлер де кездестіретінімізге күмәнім жоқ. Ұстаздық – ұлы жол, бірегей мамандық, егер ол педагогикаға жүрек қалауымен келген болса, ол табысты көшбасшы бола алады. Және де нағыз мұғалім қашан да көшбасшы екеніне бұрыннан көзім жетті, – деп бөлісті.
Әнуар Жанғозин білім берудегі өзгерістерді басқару бойынша ауқымды курстың негізгі және ілгері деңгейі сәтті аяқталғанын атап өтті. Келесі деңгейде⠀жобаға қатысушылар еңүздік мектептерден тағылымдамадан өтеді деп жоспарлануда. Кәсіби деңгейде заманауи мектептің құқықтық және қаржылық алгоритмдерін, стратегиялық және жобалық менеджментті, сонымен қатар Ермұхан Бекмаханов, Манаш Қозыбаев, Ақселеу Сейдімбектің шығармашылық мұрасы зерделенеді.
Педагогикалық шеберлік орталығының баспасөз қызметі