15.08.2023, 16:30
Оқылды: 51

«Ауыл аманаты» жобасы: 104 адам өтініш берген

Бүгін Жәнібек ауданында мәслихат төрағасы Тахир Қадимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.

ж (2)

Жиынға аудан әкімі Тимур Шиниязов, орынбасары Жақсылық Абдолов, мекеме басшылары мен депутаттар қатысты.

Аудан әкімі өзіне жүктелген міндеттерін баяндап, атқарылған жұмыстардың орындалу есебін хабарлады. Ол соңғы алты айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішері туралы тарқатып, аудандық бюджетке тоқталды.

ж (4)

Аудан шаруашылығының негізін құрайтын мал шаруашылығына аса мән беріп, ең өзекті жол мәселесі бойынша қолға алған жұмыстарды баян етті.

Жақсыбай мен Қамысты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті құрылысы жөнінде тілге тиек етіп, дәрігер жетіспеушілігін қоса айтты. Айтуынша, осы жылы ауданға үш дәрігер келген. Невропотолог, хирург және эндокренолог жұмысқа кіріскен. Жыл соңына дейін тағы мамандар келеді деген үміт бар. Оларға міндетті түрде қызметтік пәтер беріліп, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Аудан басшысы Тимур Серікұлының есептік баяндамасынан соң жиын жарыссөзге ауысты.

ж (3)

- «Есеп беретін үкімет» қағидатына сай аудан әкімі халық қалаулыларының алдында есе беріп, келер жылдың еншісіндегі жоспарлармен таныстырды. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, жаңа әлеуметтік нысандар салу, жөндеуден өткізу, республикалық, аудандық маңызы бар жолдың сапасына мән беріп, жаяу жүргіншілер жолынының аясын кеңейту сынды ауқымды әрі күрделі жұмыс жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Сол арқылы экономикалық өсім қамтамасыз етіліп, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы жоспарға сай орындалуда, - деді «Әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Қуанәлиев.

Жарыссөзге қатысқан «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Берік Ықсанов «Ауыл аманаты» жобасының аудандағы көрсеткішіне тоқталды.

-104 адам аталған жобаға өтініш беріп, ұсынылған жобалардың жалпы құны 698 млн, 200 мың теңгені құраған, - деді Берік Ықсанов.

«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет» туралы шешімге өзгерістер енгізу жайында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндады.

 Сессияда күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале