16.08.2023, 11:30
Оқылды: 11

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

9e2415e1-02d9-4146-abe6-7fe11ab7d3ba

Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

Аралас жекпе-жек өнерінің жұлдызы 19-20 тамызда өтетін Грэплингтен чемпиондар лигасын тамашалу үшін Алматыға келмекші.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыстың жартылай финалына жолдама үшін ең мықты төрт команда таласқа түседі. Олардың құрамында Қазақстан, АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей, Аустралия, Түркия, Бразилия мен Оңүстік Африка Респуликасының спортшылары бар.

Турнир Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өтеді, ал Хабиб құрметті қонақ ретінде қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале