18.08.2023, 17:45
Оқылды: 53

Күн суып, жаңбыр жауады: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 19-21 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады.

Орал 07

Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулік бойы елімізде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ұрып, жаңбыр жауады, солтүстікте бұршақ аралас қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

"Ауа температурасына келетін болсақ, солтүстікте температура күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді, ал елдің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Tengrinews.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале