Бүгін Әйтиев ауылында балаларға арнап жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған әткеншек, сырғанаққа кезек-кезек мініп, мәз-мейрам болған балалардың қуанышында шек жоқ.
Жалпы, ойын алаңы өткен жылы Ақсуат ауылдық округінің орталығы Ақсуат ауылында, ал биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында демеушілердің қаражыты есебінен Магистральный ауылында, сонымен қатар Пойма ауылында қос жерде ашылды. Бүгін, мінекей, олардың қатарына Теректі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Ақсуат ауылдық округі әкім аппаратының қаражатына жабдықталған Әйтиев ауылындағы ойын алаңы қосылды.
Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілді.
Сөйтіп, Ақсуат округіне қарасты барлық елдімекензаманауи ойын және спорт алаңымен жүз пайыз қамтылды, — дейді округ әкімі Жаннұр Ахметов.
Ата-ана үшін баласының қуанышты жүзін көруден, олардың шаттанған әрбір сәтіне куә болудан асқан қандай бақыт бар?!
Қолдау білдірген күллі жандарға ата- аналардың алғысы шексіз.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz