Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – cауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Пәкістанның «TCS Logistics Private Limited» ірі логистикалық компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Пәкістанға, Пәкістан арқылы экспорттық-импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті және бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті.
Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады. Оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.