21.08.2023, 15:00
Оқылды: 15

Спорт үздіктері марапатталды  

 

Спорт күніне орай Бөрлі ауданында салтанатты шара ұйымдастырылды.

4

Мерекелік шараға аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов қатысып, аудан спортшыларын кәсіби мерекемен құттықтады.

- «Тәні саудың – жаны сау» деп халқымыз бекерге айтпаса керек. Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларындағы басым бағыттарының бірі.

Біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, аталмыш міндетті жүзеге асыруда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірге «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені мен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жоспарлы жұмыс атқарып келеді.

Құрметті спорт ардагерлері, сала мамандары, жас спортшылар! Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қазыналы қарттарымыздың өнегелі тәлім-тәрбиесі әркез жас спортшыларға үлгі болып, намысты ұл-қыздарымыз еліміздің көк туын биікке көтере берсін! Бөрлі спортының дамуына, абыройы мен мәртебесін көтеруге қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға аудан жұрты атынан ерекше алғысымды білдіремін, - деді аудан басшысы.

5

Салтанатты шарада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың алғысхатымен Б.Абдрахманов, Д.Сапаров, А.Мұқашев, Н.Тимина, Ж.Нұрғазиева және А.Нәсіпқалиев сынды фитнес нұсқаушы, жаттықтырушы және спорт әдіскері мен іс жүргізуші мамандар марапатталды.

6

Биыл Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер атанған аудандық БЖСМ оқушыларына смарт сағаттар сыйға берілді. Оның ішінде қазақ күресінен А.Иосифова, самбодан Ә.Қуандықова, Ә.Бердімұрат, шаңғыдан Ж.Тудахунова, М.Жақсылықова, А.Соколова, тоғызқұмалақтан А.Хамидуллина, С.Тудахунова, волейболдан А.Бақытжанова, С.Давлеткалиева, таеквандодан Ә.Қали, бадминтоннан Ж.Кенжеалиев және БЖСМ шәкірті, БҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушысы А.Кушевтарға табысталды.

3

Спорт саласының ардагерлерінің атынан Е.Бутеков және аудандық БЖСМ оқушылары атынан самбодан ҚР чемпионатының қола жүлдегері Әсем Қуандықова құттықтау сөз сөйлеп, барша спорт сүйер қауымды кәсіби мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар шара барысында Қазақстан Республикасының «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай аудан әкімдігінің атынан спорт ардагерлеріне арналған сыйлық табысталып, құрмет көрсетілді.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

1 2

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале