21.08.2023, 17:15
Оқылды: 64

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарланып отыр.

65535421608d6a569947473c4f86264f_1280x720

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам бағыты бойынша жүргізіледі.

Іріктеу 6 кезеңнен тұрады.

- Құжаттарды қабылдау;

- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

- Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);

- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

- Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар биыл желтоқсанда жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале