Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құрама спортшылары байрақты бәсекеде екі күміс медаль жеңіп алған.
Алғашқы жарыс күні Людмила Шумилова мен Шохноза Курбанова жұбы «MONK» жаттығуында 2-ші нәтиже көрсеткен. Мұнда барлық спортшы белгіленген карта бойынша су астында жүзіп өтуі керек. Сосын, «Паралель» жаттығуында Людмила Шумилова күміс медальге ие болды.
Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан құрамасының аға бапкері Валерий Васильевтің жетекшілігімен 2 спортшы барды.