21.08.2023, 16:45
Оқылды: 70

Оралда саяжай өнімдерін өткізудің мүмкіндігі кеңейді

Жақында «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, өңірдегі саяжай иелеріне тауарларын көтерме бағамен өткізу мүмкіндігін ұсынған болатын.

WhatsApp Image 2023-08-21 at 16.21.00
Аталмыш жоба өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облысымыздың барлық саяжай иесінің өнімдерін өткізу процесін оңтайландыру әрі халыққа сапалы өнімді тиімді бағада ұсыну мақсатында енгізілді. Көкөніс өсіретін кез келген тұрғын өз өнімін ешқандай алым-салықсыз, нарықтық бағамен өткізіп, кейін ол өнім корпорацияның әлеуметтік дүңгіршектері арқылы халыққа қолайлы бағамен сатылады.

WhatsApp Image 2023-08-21 at 16.20.59

 - Бүгін жаңа жоба іске асырыла бастады. «Первый дачный» саяжай серіктестігінің мүшелері алғашқылардың бірі болып, 60 келі картоп, 40 келі пияз және 50 келі сәбіз тапсырды. Жоба жалғасады. Біз басқа да саяжай иелерінің ұсыныстарын қабылдауға дайынбыз. Көкөністерден тек әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат қабылданатынын естеріңізге сала кетейін, - деді «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

Аталған жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекен жайындағы «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кеңсесіне жүгінуге болады.

Байланыс телефоны - 8(7112)97-20-10.

«AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы» акционерлік қоғамы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале