2022 жылдың басынан бастап игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылған.
Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысында 1,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне өткен.
Қостанай облысында – 738 мың га,
Ақтөбе облысында – 745 мың га,
Түркістан облысында – 631 мың га,
Павлодар облысында – 532 мың га.
Республика бойынша жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Тексеру нәтижелері бойынша 3,1 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1 597 ұйғарым шығарылған. 240,9 мың га алаң бойынша 246 материал сот қарауында.
Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерді пайдаланушылар 2,7 млн га алқаптағы өз жерлерін игеруге кірісті.
Сонымен қатар қабылданған шешімдердің заңдылығына қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша аумағы 526,3 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін беру туралы жергілікті атқару органдардың 515 заңсыз шешімі анықталып, оның ішінде 135 шешімнің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.