22.08.2023, 16:15
Оқылды: 41

5114 гектар алқапта дәнді дақылдар бастырылды

Биылғы көктемде Шыңғырлау ауданының егіс алқабына 5 307 гектар дәнді дақыл (соның  ішінде жаздық бидай  – 1 692 гектар,  арпа – 1 737 гектар, тары – 764 гектар, дәнді құмай – 1114 гектар) егіліп, меморандум жоспарының орындалуы – 238% жеткен болатын.  Оған қоса, 4 493 гектар майлы дақыл  (соның ішінде мақсары – 3445 гектар, күнбағыс – 1048 гектарға) себілген.

ЖП дала (3)

  3833 гектар жер танабына бір және көпжылдық шөп дақылдары (213% орындалған), 100 гектарға картоп, 50 гектарға көкөніс, 50 гектарға бақша дақылдары салынып, бүгінгі таңда  мол өнім алып жатыр. Айта кету жөн, мақсары өніміне сұраныстың болмауы себепті майлы дақылға жататын мақсары биыл  507 гектарға аз себілген болатын.

Өткен жылдары себілген 22150 гектар көпжылдық шөптер мен 2022 жылдың күзінде себілген 2546 гектар күздік дақылдарды қоса есепке алғанда, ауданның егістік алқабы 38 529 гектарды құрап, жоспардың орындалуы – 111,7% болды.

Қазіргі уақытта Шыңғырлау ауданының шаруашылықтары егін жинауды үлкен ыждағаттылықпен және ұйымшылдықпен жүргізіп жатыр.

Атап айтсақ, «Нұрсұлтан» ШҚ 225 гектар күздік бидай, «Болат» ШҚ - 87 гектар тары, «Баянас» ШҚ-75 гектар тары егіп, ал «Бекзат» ШҚ-ның  50 гектар арпасы жарамсыз болғандықтан есептен шығарылған.

- Жақында ғана  5114 гектар алқапта дәнді дақылдар бастырылды соның ішінде орташа өнімділігі - 12,7 ц/га  болатын күздік қара бидай - 445 гектардан жиылса, күздік бидай – 2101 гектардан  орылды. Оның орташа өнімділігі 14,9 ц/гектарды құрады. Ал жаздық бидай - 1156 гектардан орылып, әр гектарына 11 центнерден ғана өнім берді. Сондай-ақ арпа – 1412 гектардан орылып, 8,8 центнер  өнім алынды. Бұл тек жинауға жататын жалпы дәнді дақылдар алаңының - 7716 гектары  ғана, ол  алқаптың 66,3% - ын құрайды.  Барлық өнімнің жалпы бункерлік салмағын айтсақ, 6228 тонна астық бастырылды, - дейді аудандық  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Нұрлан Садықов.

Демек, егін алқабында  жұмыс жасайтын шаруаның жұмысы алдағы күндерде тез аяқталмасы анық. Барлық өнім жиылып, қамбаларға құйылған соң ғана шаруалар аз-мұз тыным тауып, келесі науқанға кіріспек.

                                                                                         Айсұлу Амангелдіқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале