25.08.2023, 9:15
Оқылды: 23

Волейболшылар Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Иранның Урмия қаласында өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы XXII Азия чемпионаты бел ортасына жетті.

86a30de74040805f6e464e35e0c4b1c1

Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Біздің волейболшылар Өзбекстаннан басым түсіп (3-1), бәсекедегі 13-орын үшін таласты жалғастырып жатыр. Айта кетейік, С тобына түскен біздің спортшылар Индонезия (1-3) мен Қытайға (2-3) жол беріп, плей-офф кезеңіне шыға алмаған.

DSC_3275

Алдағы күндері А тобының көшбасшысы Иран Пәкістанмен, B тобының үздігі Жапония Бахрейнмен, С тобындағы көшбасшы Қытай құрамасы Үндістанмен, Қытайдың Тайпэйі (D тобы) Иракпен, Е тобының үздігі Қатар Таиландпен, F тобының жеңімпазы Оңтүстік Корея командасы Индонезиямен ойнап, бас жүлде жолында күш сынасады.

Ал қалған мемлекеттер 13 пен 18-орындар аралығын өзара бөліседі. Борис Гребенников баптайын біздің Ұлттық құраманың келесі қарсыласы енді анықталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале