24.08.2023, 11:15
Оқылды: 40

Мотоциклдан қатер көбейіп тұр

Соңғы кезде ауылдық округтарда ауылішілік жолдар жақсы жөнделіп жатыр. Бұл өз кезегінде жаңа мәселелердің туындауына әкеліп соғып отыр.

IMG_20230824_104020_308

Соның бірі – жол ережесін білмей ауылда мотоцикл айдаушы жастар мен жасөспірімдердің көбеюі. Мұндай мәселе Бәйтерек ауданының Щапов ауылында да туындап отыр. Аталмыш ауылдық округте өткен аудан әкімі Марат Тоқжановтың есептік кездесуінде бұл жайт кеңінен сөз болды.

IMG_20230824_104034_165

- Ата-аналардың алаңдауы орынды. Олардың сөздерінің жаны бар. Біраздан бері бұл мәселе айтылып жүр. Сөйте тұра жасөспірімдердің тиылмай тұрғаны қалай? Тиісті шара қабылдау үшін міндетті түрде адам өлімі болуы қажет пе? Қатер болмай тұрғанда бұл істі тезірек қолға алып, біржақты қылу керек, - деген Марат Лұқпанұлы полиция қызметкерлеріне ескерту жасап, шара қолдануды тапсырды.

IMG_20230824_104041_039

Ауыл тұрғыны Жәрдем Әшімов Щаповта көше жолдары жөндеуден өтіп жатқанын, алайда осы жолмен ауыр жүк көліктері жиі жүретінін, соған орай оларға тоқтау салатын тиісті жол белгілерін тезірек орнатуды сұрады. ал жүргізушілер болса, бұл бағыттағы тұрғындар сөзіне құлақ аспайтын көрінеді. Бұған жауап берген аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Аслан Даубаев осы аптаның соңына дейін тиісті жол белгілері қойылатынын айтты.

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале