24.08.2023, 16:30
Оқылды: 10

БҚО-да Ауған Республикасының 10 азаматы ұсталды

Бүгін түнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болған Ауған Республикасының 10 азаматы қолға түскен.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП Полиция (3)

ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері мен ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп «Учаске» жедел-профликалық іс-шарасын өткізген.

Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық  сотына жолданады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале