25.08.2023, 12:15
Оқылды: 45

Қазақстандық фермерлерге 110 млрд теңге субсидия төленген

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері gosagro.kz порталы арқылы субсидия үшін 131 227 өтінім берген.

ee8aef2a61dac426c8e7be6a0811a721_1280x720

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 29 811 өтінімді қараудан бас тартылды.

127,8 млрд теңгеге 51 699 өтінім мақұлданып, «күту парағына» орналастырылды.

Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары қазынашылық жүйесі арқылы төлейді. Бүгінгі таңда фермерлерге шамамен 110 млрд теңге төленген.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 47 млрд теңгеге өтінім мақұлданған. Бүгінде оның 41,4 млрд теңгесі төлеген.

Жалпы былтыр қарыздарды ескере отырып, СБМАЖ жүйесі арқылы 184,4 млрд теңге төленген.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 256,3 млрд теңгеге 12 490 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығы басқармаларымен мақұлданып, 64,7 млрд теңге сомасын құрайтын 3 014 өтінім резервке жіберілді.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларының бірыңғай резервіне 103,5 млрд теңгеге 4 936 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ұсыныстар енгізілді. Ережеге сәйкес бұл ұсыныстарға қол қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалған соң қойылатын болады. Келісілу мен қол қою сатысында резервтен 2 317 шарт бар. 1 355 шартқа қол қойылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда СБМАЖ-ға  55 389 пайдаланушы тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале