26.08.2023, 16:24
Оқылды: 42

Ресейдегі қандастар келді

Бөкей ордасы ауданы Хан ордасында ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуды мақсат еткен  «Алтын-көпір» халықаралық фестивалі өтті. Аталмыш шара Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 

FB_IMG_1693013441643

Фестивальге  облысымызбен шекаралас Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан, Челябинск облыстарындағы қазақ диаспорасының өкілдері, соның ішінде жоғары оқу орындарының белсенді және көшбасшы студенттері, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысуда. Қонақтар  Хан ордасында екі күн болды. Бірінші күні ауыл ішіне, қарағайлы орманға экскурсия жасап, музей-қорықты тамашалап,  тарихи жәдігерлер мен оқиғалар туралы мағлұмат алды. Кешкі демалыс қонақасы және би кешімен аяқталған болатын. Екінші күні бағдарлама Хан зираты пантеонын тамашалаумен жалғасса, түстен кейін қонақтарымызға ауылымыздың өнерпаздары тамаша концерт ұйымдастырды.

FB_IMG_1693013437152

Жастарға  ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, асық ату, арқан тартыс, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды қазақ ұлттық ойындары таныстырылды.  Эстафеталық ойындар да ұйымдастырылды. Бағдарлама соңы алау жанындағы еркін сыр-сұхбат форматындағы дөңгелек үстелмен жалғасты. Қандастарымыз Жаңақала ауданына жол тартты.

FB_IMG_1693013430057

FB_IMG_1693013425431
FB_IMG_1693013419043
FB_IMG_1693013406324
FB_IMG_1693013409886
photo-output
photo-output
Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале