26.08.2023, 16:31
Оқылды: 49

Көшімнің тірлігі көш ілгері

«Ауыл аманаты»  жоба аясында 13 көшімдік азамат жалпы сомасы 109,6 млн.теңге несие алуға ниетті. Олардың дені сүтті сиыр мен құс өсірмекші.

IMG_20230826_112650_756

Бұл туралы Көшім ауылдық округінде өткен аудан әкімі Марат Тоқжановтың халықпен кездесуі кезінде айтылды.

Жиында аталмыш округ әкімі Ауған Аймурзиналдымен өткен кездесуде көтерілген мәселелерге тоқталды. Олардың ішінде ауылішілік жолдардыжөндеу, көшелерді жарықтандыру сынды мәселелер бар. Түйтілдер біртіндеп шешімін табуда.

IMG_20230826_112724_425

Көшім - ауданымыздағы ірі ауылдық округтерінің бірі. Қазіргі таңда мұндағы халық саны - 4483 адамды құраған. 1306 аула бар. Мұндаауыл шаруашылығы, соның ішінде бау-бақша, көкөніс және майлы дақылдар егу жұмыстары жақсы дамуда. Округ бойынша 98 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Биылғы жартыжылдығындағы статистикаға сәйкес аталмыш округта 33 дүкен, 6 тамақтану орыны, 1 автокешен, 1 автожөндеу орталығы, 1 дәріхана, 2 шаш қию орны, 1 тұшпара және кондитерлік өнім жасау цехы, газ құю станциясы жұмыс жасар тұр.

Жиында көтерілген негізгі мәселе жаңбырлы күндері Көшім мектеп- балабақша кешенінің төбесінен су кететіндігі туралы болды. Округбасшысы бұған қатысты аудандық білім бөлімімен жөндеу жүргізу жөнінде келіссөздер жүргізетінін, түйткілдің шешілетінін баяндады.

Нұрсұлу Атамекен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале