28.08.2023, 14:30
Оқылды: 27

Аудандық спартакиада өтті

Тамыз айының 26-27 күндері Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қолдауымен Шыңғырлау спорт клубында аудандық спартакиада өткізілді.

жп спорт (1)

Екі күнге созылған спартакиадада қазақ күресі, арқан тартыс, қол күресі, футбол, волейбол, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен аудан және ауылдық округтан келген командалар бақ сынады.

Бабы мен бағы келскен командалар мен спортшылар үздік ойын өрнегін көрсетуге ұмтылып, жанкүйерлердің демеуі де қатысушыларды серпілтіп, жігер беріп жатты.

жп спорт (2)

Спартакиада нәтижесі бойынша командалық есепте Шыңғырлау спорт клубы І орын,  Алмаз ауылдық округінің командасы ІІ, ал БЖСМ  командасы ІІІ орынға ие болды.

Спортты шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысушыларды келе жатқан ҚР Конституция күнімен құттықтады.

Үздік ойын көрсеткен шара қатысушыларын және жақында облыс орталығында өткен спартакиадада топ жарған спортшыларды марапаттап, алғысхат табыстады.

 

                                                    Гүлшат Ибрагимқызы,

                                                      Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале