28.08.2023, 15:45
Оқылды: 51

Су мен тазалық мәселесі қаралды

Бүгін Жаңақала ауданында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың және «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры мен  БҚО-дағы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуанышқали Есімовтің қатысуымен жиын өтті.

46bb6c4a-9b5c-41c8-ac2f-cac68c455c0b

Сондай-ақ Жаңақала ауданының ауылдық округтерінің әкімдері де қатысты.

Жиналыс барысында су нысандары, балық шаруашылығы, ағаш көшеттерін отырғызу, жеміс-жидек ағаштарын жоспарлау, органикалық қалдықтарды тазалау және жалпы тазалық сақтау туралы сөз қозғалды.

- Егер облыстан көмек болатын болса, аудандағы коммуналдық мекемеге барлық ауылдағы, аудан орталықтарындағы қоқыс шығаруды қайтып берер болсақ, біз тиісті деңгейде қаржыландыру арқылы жұмыс ұйымдастыра алар едік, - деген ұсынысын жасады Алпамыс Жаңабайұлы.

Алпамыс Жаңабайұлы жиналысқа қатысушыларға шөп бағасының 8 мыңнан аспауын қадағалауды, шөп сатушылардың тізімін жасауды,  қыркүйек айының 10-нан кейін ауыл окуругтерінен әр сенбі және жексенбі күндері шөпті жәрмеңке есебінде аудан орталығына әкелуді, әр сенбі күндері үш ауылдық округтен көкөністер мен ет, сүт өнімдеріне жәрмеңке ұйымдастыруды, жол күтіміне қазірден бастап кірісіп, кез келген қиын жағдайлардың алдын алуды тапсырды.

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале