ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін дәстүрлі тамыз кеңесінің облыстық жиынында Бұлдырты орта мектебінің ұжымы «ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІ - ЕЛ ТІРЕГІ» номинациясымен марапатталып, сертификаты мектеп басшысы А.Бисалиеваға табысталды.
Бұлдырты орта мектебі Сырым ауданындағы білім саласында өзіндік орны бар, аудандық білім бөлімінің тірек мектептерінің бірі. Әрі жетекші, әрі ресурстық мектеп. Оқушылары білім, өнер, спорттан облыс, республика, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанып жүр.
Сырым ауданының
білім беру бөлімінің баспасөз қызметі