"Атамекен" өнер ордасында "Конституциялық құндылықтар - мемлекет пен қоғам дамуының" негізі тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен ҚР Парламенті мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимов қатысуда.
Жиында алғаш сөз алған аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңір тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады.
- Біз заң жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып Әділетті Қазақстанды құру жолында еңбек етіп келеміз. Еліміздің әрбір азаматының реформаларды іске асыруға белсене кірісетін уақыты келді. Себебі қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті - халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттігімізді нығайту, - деді Бақытжан Хаберұлы құттықтау сөзінде.
zhaikpress.kz