29.08.2023, 11:45
Оқылды: 1132

Тамыз айында "Жайық Пресс" ЖШС-те қызметтік тексеру жүргізілді

"Жайық Пресс" ЖШС жауапты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында қызметтік тексеру жүргізілді.

жп сыбайлас

Кадр құжаттарындағы кемшіліктердің, соның ішінде жұмысқа қабылдау кезінде білімі туралы құжаттарды, сертификаттарды, медициналық анықтаманы, еңбек кітапшасының көшірмесін тапсырмағаны, ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен, корпоративтік Әдеп кодексімен таныспағандығы секілді жекелеген фактілері анықталды.

Лауазымды тұлғалармен серіктестіктен есеп беретін сомаларды өтінішсіз, алу мақсатын, қайтару мерзімін көрсетпей алғаны белгілі болды.

"Жайық Пресс" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереженің негізінде 20-тармақ 3-бабы бойыңша комплаенс-офицер бас директорға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, серіктестіктің ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізді.
Кадр қызметіне жұмыс барысында орын алған олқылықтармен кемшіліктерді түсетуге және алдағы уақытта болдырмау мақсатыңда ұсыныстар берілді.
Қаржы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлық себептер мен жағдайларды есепті соманы алу кезінде ішкі бақылау шаралары жүйесін әзірлеу және қолдану, бухгалтерлік заңнама нормаларын бұзу себептерін түзетуге ұсыныс түсірілді
Тексеру аяқталғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру туралы түсіндіру сипаттағы әңгімелер өткізілді. Жоғарыда аталған бұзушылықтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Жергілікті нормативтік актілердің ережелерінен тыс лауазымды тұлғалардың кейбір іс-әрекеттері әріптестер мен басқалардың сыбайлас жемқорлықтың көрінісі ретінде қабылдануы мүмкін екендігі айтылды.

Ш.М. Мукашев,
Комплаенс – офицер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале