Достық үйінде БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның қатысуымен ҚР Конституциясы күнін мерекелеуге арналған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, "Ассамблея жастары" РҚБ, "ҚХА еріктілері" және "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Конституцияның халықтық демократияның Мемлекеттік институты ретіндегі тарихи құндылығын атап өтті.
Айта кетейік, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы алғашқылардың бірі болып ҚР Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс ұйымдастырды.
Кездесуде этносаралық қатынастарды дамыту аясында атқарылған жұмыс үшін өңірдің этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелері алғысхаттармен марапатталды.
Гүлжанар Болатқызы кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, басқарманың негізгі жұмыс бағытына назар аударды. Ол өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді іске асыру екенін айтты.
"Қоғамдық келісім" КММ
баспасөз қызметі