29.08.2023, 17:50
Оқылды: 49

Мереке қарсаңында марапатталды

Теректі төрінде ҚР Конституциясы күніне орай «Ел ардағы - Ата Заң» атты мерекелік шара өтті.

IMG-20230829-WA0080
Салтанатты жиында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жерлестерін мерекемен құттықтап, Теректі ауданының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады.

IMG-20230829-WA0078

Аудан басшысының алғысына бөленгендер қатарында Теректі ауданы прокуратурасының прокуроры Ақсұлтан Әбішев, аудандық соттың бас маманы Әсел Ерешева, полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан Жексенов, сот мәжілісінің хатшысы Гүлсара Кусанова, Ақжайық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік майоры Мұрат Кенжегарин, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмаған жастар инспекторы, учаскелік полиция майоры Назгүл Саханова мен аталмыш бөлімнің штаб инспекторы, полиция капитаны Анар Казинова болды.

IMG-20230829-WA0099
Шарада аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Кенжебек Рахметов теректіліктерге жылы лебізін арнап, бірқатар полиция қызметкерлеріне марапат ұсынды. БҚО полиция департаментінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісін Теректі аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары - Қанат Жылгелдиев және Қайсар Есентаев иеленді. Аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Әділхан Абылаев БҚО полиция департаментінің грамотасына лайық деп танылды.

IMG-20230829-WA0098
Марапаттау рәсімінен кейін көрермен мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Аяулым Бақтығали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале