Теректі ауданындағы қазақ мектебінде өткен Білім күні мерекесіне аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, оқушылар мен ата-аналарды, ұлағатты ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.
Оқу жылын 342 оқушымен бастағалы отырған білім ордасының жетістіктері мен жеңістері көп. Ол жөнінде мектеп директоры Галина Құрматова кеңінен тізбелеп берді.
Облыстық бәсекелерде жеңіске жеткен ұстаздарды, атап айтсақ Ақмарал Қалбирова, Ардақ Омарова, Гүлфара Хамитова, Азамат Талиев, Эльмира Қазиханованы алғысхаттармен марапаттауды да ұмытпады.
Салтанатты шарада ата-аналар сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.
Өткен жылы мектеппен қоштасқан сегіз түлектің барлығы дерлік білім гранттарын жеңіп алған мектептің алар асуы түгесілмесі анық.
Әділет Зере
Теректі ауданы