«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев бүгінгі Президенттің Жолдауынан кейінгі ойымен бөлісті.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауын жариялады.
Қазақстанның экономикалық дамуына қажетті шараларды тізбектеп, тиімді бағыттарды айқындаған құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың басым көпшілігінің еңсесін басқан несиелер жайына тоқталып, «AMANAT» партиясының осы мәселе бойынша атқарған ісіне жоғары баға берді.
«Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды.
Бұл ретте «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деді ол.
Расымен, «Қарызсыз қоғам» жобасы мыңдаған адамның қаржылық жағдайын реттеуге мүмкіндік берді. Жоба аясында біздің Теректі ауданында «AMANAT» партиясының аудандық филиалы «Halyk bank» банкіменбірге «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты оқу семинарын өткізді. Қоғамдық қабылдаулар, кездесулер кезінде тұрғындарға шиеленісті несиелерді реттеуге болатынын айтып, түсіндіреміз.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы кезде де жалғасады.
Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деген тапсырамасын жүзеге асыруға «AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының әр мүшесі үлес қосатынына сенімдімін.