1.09.2023, 17:45
Оқылды: 32

Теректілік егіздер Астанада оқиды

Қазақ эстрада әлеміне еркін енген, облыс пен Теректінің егіздері атанған Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтерді білмейтін жан кемде-кем. Түрлі халықаралық һәм республикалық додаларда топ жарып, «Қазақстан дауысы. Балалар» жобасында жасындай жарқылдаған егіздердің болашағына күллі қазақ сеніммен қарағаны рас.

6F6C4331-B45B-4B67-9FA6-07AFBDA9FC96

Теректілік таланттарды елімізге танымал музыка мамандары байқап, соңғы уақытта оларға түрлі ұсыныстар түскен. Соның ішінде Сұлтан мен Бейбарыс Қазақстанның халық әртісі, Әлем әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер университеті ректоры Айман Мұсаходжаеваның көзіне түсіп, оларға аталмыш оқу орнының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алуға шақырту түскен.

Егіздер тамаша ұсынысты қабыл алып, енді Ғарифуллиевтер жаңа оқу жылын Елордада бастайды.

– Қуанышпен хабарлаймыз, енді біздер Қазақ Ұлттық Өнер университетінің мектебінде «эстрадалық ән»  мамандығы бойыншы білім аламыз. Бізге сенім артқан қазақтың мақтанышы, әлем мойындаған тұлға Айман Қожабекқызына рахмет айтамыз. Сонымен қатар, бізді тәрбиелеген, ән әлеміне әкелген, шыңдап, болашағымызға сенген ұстазымыз Гүлназ Рахымғалиқызы Құсайыновағашексіз алғысымызды білдіреміз. Біз ұстаздардың сенімін ақтаймыз. Ата-анамыз, жалпы барша теректіліктер бізбен мақтанатын болады, - дейді Сұлтан мен Бейбарыс.

Әділет Зере

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале