Еңбек ардагері Закария Жүсіпқалиұлы бүгінгі Президенттің Жолдауынан кейінгі ойымен бөлісті.
Мәселе жолдаудың айтылуында емес, орындалуында. Оны орындайтындар әрине, сырттан келгендер емес, қазақстандықтар. Ол үшін алдымен не керек, мызғымас бірлік керек. Президенттің жолдаудың барысында осы жайға әлсін-әлсін оралғаны бекер болмаса керек.
Әлемде геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанын еске алған президент егер ел іші тыныш болмаса атқарылған істің бәрі бекер екенін ашық айтты.
Президент Қ.Тоқаев ел көкейінде жүрген көптеген түбегейлі мәселелерге нақты жауап берді.
Әсіресе, энергетика, су ресурстары, көлік-логистикасы жол салаларының құрылымдарын қайта құру қажеттігіне баса назар аударды.
Халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарту жәйі де күн тәртібінен қалыс қалған жоқ. Мәселесі жылдан бастап ең төменгі жалақы деңгейін 85 мыңға шейін көтеру, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіру, студенттердің шәкіртақысын көтеру, әр баланың есеп шотына қаржы салу – көпшіліктің көңілінен шығары сөзсіз.
Бюджетті басқаруды аудандық деңгейге беру, бұл жергілікті жерлердегі мәселелерді шешудің бірден-бір жолы.
Аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлау, бұл демократияға жасалған қадамның көрінісі болмақ.
Ендігі мәселе Жолдауда айтылған міндеттердің уақытылы халық игілігіне айналуында. Сонда ғана билік пен халықтың арасы жақындап, еліміз өркениетті мемлекеттер деңгейіне көтерілетін болады.