Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары түрлі қызметтерді атқарған. Соның ішінде 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2016-2019 жылдары энергетика министрі, 2019 жылы Президенттің көмекшісі болды.