Бөрлі және Пугачев ауылдық округтеріне облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева іс-сапармен барды.
Сапар барысында басқарма басшысы ауыл тұрғындарымен, соның ішінде мемлекеттік қолдау шараларына қатысып, грант, несие алған кәсіпкерлердің жұмысын көрді.
«Ауыл аманаты» жобасына қатысушыларда Бибігүл Тишанқызына өз жоспарларымен бөлісіп, мемлекет берген қаражаттың мақсатты жұмсалатындығын жеткізді.
Өз кезегінде Бибігүл Қонысбаева ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеруге бағытталған бірқатар шараларды көріп, ауыл әкімдеріне ризашылығын білдірді.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы