5.09.2023, 12:15
Оқылды: 27

Қазақстандық және қытайлық жолшылар ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК және Shandong Hi-Speed Group Co., Ltd. автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау, жол инфрақұрылымын жаңғырту және реконструкциялау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарын зерттеу  мен пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

B3A3D025-4C0B-4FCD-8E5B-7D2E1AED06CF

Қытайлық серіктес Қазақстандағы жолдардың сапасы мен беріктігін арттыру және пайдалану ұзақтығын арттыру мақсатында жобалауды, материалдардың үйлесімділігін, құрылысты басқаруды және одан кейінгі сынақтарды қоса алғандағы қызметтердің толық спектрін ұсынатын болады.

Қазақстан жолдары проблемаларын ескере отырып, екі тарап жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау әдістері, көлік және автомобиль жолдары саласындағы статистикалық мәліметтер бойынша кеңесіп, ақпарат алмасады. Қазақстан аумағында Қытайдан жаңа материалдар мен технологияларды зерделеу және пайдалану мәселелерін пысықтайды.

Құжатта асфальтбетон қоспаларын қайта пайдалануды ұлғайту арқылы Қазақстанда пайдаланылған және пайдаланылмайтын асфальт қоспаларын түрлендіру мәселелерін зерделеу көзделген, бұл бөлінген қаражатты ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

Сонымен қатар келісім жол салу және жөндеу әдістерінде, жол-құрылыс материалдарының сапасына сараптама жасауда және автожол объектілерінде жаңа технологияларды қолдануда тәжірибе алмасуға бағытталған.

Бұған дейін тараптар Алматы облысы бойынша кәсіпорын филиалының зертханасы базасында бөлінуге қарсы күшейткіш қоспаларын, жоғары модульді заттарды, құрғақ модификаторды сынау мәселелерін пысықтаған болатын.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде екі елде де жолдардың сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен кеңестік және зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале