5.09.2023, 14:30
Оқылды: 92

Теректіде жаңа мектеп ашылды

Данагөй бабаларымыз: «Бір жылын ойлаған халық бидай егеді. Жүз жылын ойлаған халық ағаш отырғызады. Мың жылдығын ойлаған халық ұрпақ тәрбиелеп өсіреді» деген екен. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында бүгінде Теректі ауданы бойынша 18 жалпы орта білім,  он негізгі, сегіз бастауыш білім беретін мектеп, 11 мемлекеттік, алты жекеменшік балабақша, 20 шағын орталық, үш қосымша білім беру ұйымы бар.

82164BED-BCF2-42C9-AE30-D6887A7A8689

Олардың қатарында ғимараты әбден тозып тұрған мектептер де бар.  Бұл – күн тәртібінде тұрған мәселе. Қазіргі уақытта бұл мәселенің күрмеуі шешіліп, ауданда төрт мектепке жаңа ғимарат салу  жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі — Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты Пойма ауылындағы мектеп еді. Ол орданың құрылысы тәмәмдалып,  бүгін айқын куәсі болдық. Осынау салтанатты шараға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелов және өзге де меймандармен қатар ауыл тұрғындары қатысты.

Екі қабатты мектеп ғимаратының сыйымдылығы — 108 оқушы. Жаңа мектеп заман талабына сай салынған. Ғимараттың ішінде пәндік кабинеттер,  спорт зал, асхана, медициналық бөлме бар. Барлығы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұл мектептің салынуы хақында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылып, енді міне, жұмыстың жеміс бергенін айта кеткен жөн.

DAEA6B61-0343-4403-BF97-26B846B299A4

Көптен күткен осы қуанышқа ортақтасуды құп көрген өңір басшысы Нариман Төреғалиев:

– Ел Президенті алдымызға төрт өзекті міндетті қойды. Егемен елдің іргетасын қалау, әлеуметтік бағдарламамен қоғам құру, нарықтық экономика қалыптастыру және қоғамдық ойды қайта құру, жаңғырту. Біз осы мүдде жолында жүйелі жұмыс істеп келеміз. Әлеуметтік бағдарламамен салынып жатқан бүгінгідей білім ордалары келешекке салынып жатқан инвестиция деп қарауымыз керек. ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын дәуірі десек, сол алтын уақыттың ұрпағы да сондай қасиетке ие болу керек. Яғни, жаңа заманның шақыруларына біздің ұрпағымыз дайын тұру үшін жас ұрпақтың толыққанды білім алуына жағдай жасау біздің басты міндет, - деп жаңа нысанның ашылумен құттықтады.

EE02C6D5-4F4B-4DF0-99C1-50BBBE3A6734

Одан әрі ардагер ұстаз Қымбат Мұрзағалиева мен нысанның мердігері,  «Ка Строй LTD» ЖШС директоры Серік Кисембаев сөз алып, жылы лебіздерін арнады. Жаңа әлеуметтік нысанның лентасын қию рәсімі жүргізіліп, білім орданың кілті  Пойма мектебі директорының міндетін атқарушы Жанар Айтқалиеваға тапсырылды. Мұнан кейін меймандар  мектептің материалдық-техникалық жағдайымен, робототехника кабинетімен танысты. Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы  қуаныштан жүздері бал-бұл жанған шәкірттермен  жүздесіп, зейінді, білімді болуларын, сонымен қатар жас мамандармен сұхбат құрып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0B9DB8DC-6F50-4E6C-8B68-31E4C2E69D6E

Пойма ауылына сапар барысында облыс әкімі  жалпақ жұртшылықпен  де кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.  Айта кетейік, жаңадан бой көтерген мектеп Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан. Ауыл тұрғындары енді осы көше жолының асфальтталуын тілге тиек қылды. Облыс әкімі бұл шаруаны қолдайтынын білдіріп,  аудан әкіміне тапсырма берді.

Айшабибі Мәмет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале