Бүгін сағат шамамен 18:45-те Сырым ауданына қарасты Аралтөбе ауылында спирттік ішімдікті бірге ішкен екеу арасында жанжал туып, 48 жастағы ер адам 34 жастағы тұрғынға аңшы мылтығынан оқ атып, жаралаған. Оқиғаны БҚО Полиция департаменті растады.
Фото дереккөзі: moslenta.ru
Атыс кезінде 1964 жылы туған әйел мен 2021 жылы туған баланың аяғына ұшқан патронның бөліктері тиген.
«Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.