5-7 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Қорғау–2023» республикалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Сурет: gov.kz
Республикалық штабтық оқу-жаттығуды өткізу барысында бүгін сағат 9:00-де Батыс Қазақстан облысының аумағында азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– «Барлығының назарына!» құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы жүргізілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы. Іс-шаралар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
«Барлығының назарына!» сигналын естігеннен кейін келесідей әрекет етіңіз:
1. Теледидарды немесе радионы қосыңыз;
2. «AQJAYQ», «ТДК-42» жергілікті телеарналарын және «Шалқар», «Талап радио» радио каналдарын бақылаңыз;
3. Құжаттарды, ақша, бағалы заттарды, дәрі-дәрмектерді алдын-ала дайындап, оңай жерге қойыңыз;
4. Көршілеріңізге ескертіңіз;
5. Ғимараттардан шығар алдында электр жүйесін өшіріңіз, газды, суды жабыңыз.
6. Басқару органдарының нұсқауларын дереу және нақты орындаңыз, - делінген хабарламада.
zhaikpress.kz