6.09.2023, 11:00
Оқылды: 18

«Ауыл аманаты» жобасы аясында облысқа 6,4 млрд қаражат бөлінді

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бәйтерек ауданының Дариян, Трекин ауылдық округтері аумағында орналасқан «Каверин» сүт өңдеу кешені, «Буштер» ш\қ, «Жеңіс», «Agro Service Jardem», «ABU» жеке қосалқы шаруашылықтарындағы бордақы мал өсіру нысандарын аралап, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

900F047B-7ABB-4A0A-96EA-30948BF4B803

Әрі жергілікті табиғи өнімдерді облыс халқына қолжетімді бағада ұсынып отырған Орал қаласындағы «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкеніндегі өнім сапасы мен тауар бағасын бағамдады.

Басты мақсат – халыққа жергілікті әрі табиғи өнімдерді өзіндік құнымен ұсыну,  ортадағы делдалдардың үстеме ақысына тоқтау салып, бағаны тұрақтандыру. Сондықтан қалада әрбір ауданның осындай шағын дүкендері іске қосылуда. Күні бүгін облыс орталығында 15 дүңгіршек бар. Тұтынушылар мұндағы тауарлардың сапалы екенін және бағаның қалта қақпайтынын айтуда.

9113A47A-C812-41A8-8383-832E2CDC25B5

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, табысын арттырып, әлеуметтік мәселелерін жедел шешуде «Ауыл аманаты» бағдарламасының септігі зор. Бүгінде облыста сүт шаруашылығын дамыту басты назарда. Осы орайда облыс басшысы Нариман Төреғалиев Дариян ауылдық округіндегі «Каверин» сүт өңдеу кешенін көріп, «Батыс сүт»  ауыл шаруалық өндірістік кооперативінің (АШӨК) жұмысымен танысты. Ауыл шаруалық өндірістік кооперативінде 26 адам тұрақты, 1500 бас аналық ірі қара малы бар 380-і маусымдық қатысушылар. Қуаттылығы – жылына 4000 тонна. Мемлекеттен өткен жылы 13,0 млн, биыл 3,0 млн теңге субсидия алған. Ал «Зеленов Сүт» АШӨК-і құрамында 65 адам, сауында 216 аналық ірі қара малы бар. Осы жылы «Maksat-DAT» ЖШС-мен 13 наурыздан келісім шарт жасалып, 200 бас ірі қара ала түсті тұқымға (черно пестрая) ұрықтандырылған. «Ауыл аманаты» жобасына кооперативтің сегіз мүшесі қатысады. Бағдарлама бойынша 25 бас қосылды.

BF71076C-2258-49CD-ABE8-19554FF37FAC

– Сүт шаруашылығы қазіргі таңда төмен деңгейде. Мал бар,  алайда сүт сауылмайды. Бағдарламаны жүзеге асырғанда біз аталған бағытты дамытуды көздедік. Өңірде 112 мың тонна сүт өңделуі тиіс. Өкінішке орай өңделетіні тек 28 мың тонна көлемінде. Ол жоқтың қасы. Сондықтан «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындары АШӨК құрып, сүтті бағыттағы сиырлар сатып алса, алдымен өздерін жұмыспен қамтып, өндіріске пайда әкеледі. Халықтың еңбекке ұмтылысы қуантады, жобаның тиімділігін түсінген. Айту керек, өткізілген сүттің құнынан бөлек, АШӨК қатарына кірген әрбір адамның 1 литр өніміне мемлекет 20 теңгеден тағы субсидия қосыпотыр. Жеке шаруашылықтарды ұйымдастыру қиын. Ірілендіру, кооперацияға айналдыру сол себепті маңызды. Бұл туралы кеше Президент Жолдауында да айтылды. Осы тапсырма аясындағы жұмыс жүйелі жалғасады, - деді облыс басшысы.

«Ауыл аманаты» жобасының жарқын нәтижесі – Дариян ауылдық округі тұрғыны Максим Буштердің бақша құлпынайларын өсіру ісі. Дәмі тіл үйіретін, тып-тығыз, алқызыл құлпынай өнімдерінің алғашқы түсімі бүгінде бақшадан тікелей «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкендеріне жеткізіліп, келісі 3200 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер  1,5 жер алып, несиеге қолжеткізіп жылыжай ашып, көшеттер мен тоңазытқыш сатып алған. Биыл жарты гектарына құлпынай, жартысына таңқурай отырғызып, 2 жерлесін жұмысқа тартуды жоспарлауда. Ол несиені қайтаруға берілген жыл жарым уақыт каникулдың өте тиімділігін айтады.

D83770F9-CEA3-474C-A21B-1E62B9D9A08B

Еңбек адамының келісті кәсібіне көңілі толған облыс басшысы, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқармасы өкілдеріне келер жылы мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдаланып, ісін өрістетуіне ықпалдасуды тапсырды. Сондай-ақ, екінші мәселе, күздің соңы, қыс мезгілі мен көктемде тапшылықтың салдарынан құны шарықтайтын көкөніс түрлерін өсіріп, сақтаудың маңыздылығына тоқталды. «Облыста сырттан келетін қырыққабат, сәбіз, картоп және пияз өнімдеріне тәуелділік бар. Осыны ескеріп облыс көлемінде көкөніс қоймаларын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні барлық талаптарға сай 27 ірі көкөніс қоймалары бар. Қазіргі таңда көкөніс көлемімен 80 пайыз қамтудамыз. Алдағы уақытта қоймаларды көбейту жоспарда тұр. Сол арқылы халық сұранысын өзімінде өндіріп, осында сақтап, дер кезінде ұсыну. Көкөніс түрлерінің санымен қатар сапасын да арттыру қарастырылуда.

Әрі қарай облыс басшысы «Жеңіс», «Agro Service Jardem», «ABU»  жеке қосалқы шаруашылықтарындағы бордақы мал өсіру жұмыстарын көріп, шаруа адамының заман көшіне ілесе отырып ата кәсіпті дамыту шеберлігіне риза болды.  Мысалы «Жеңіс» ш\қ жетекшісі Төлеген Еркештаевтың шаруашылығы ауылдан шеткері орналасқан. Қора-қопсының іші мұнтаздай тазалығынан бөлек, техника бөлшектерінен трактор құрастыру, темірден күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды жасайтын өнертапқыштығы тағы бар. Аула ішінде жайқалып раушан гүлдері де өсіп тұр. Ал қамбада қысқа қажетті мал азығы үюлі жатыр.

F9F5AD71-D175-422B-937F-82314651545F

– Тағы бір біз белгілеп отырған бағыт мал азығын дайындау. Мал басын асылдандырып, көбейткіміз келсе азығының құнарына мән беру керек. Мемлекет басшысы  Жолдауында суды үнемдеу мәселесін алдымызға қойды. Су шаруашылығымен айналысып отырған азаматтардың аталған талап үдесінен  шығып, болашақта жаңа технологиялар көмегімен тіршілік көзін үнемдей отырып, пайдалы мал азығын, дәнді дақылдарды егуге бағытталуымыз шарт. Осы мақсатта бірқатар шаруашылықтарды аралап, дәнді дақылдар түрін көрдік. Әсіресе, шет мемлекеттерден алып келгендерінің өнімділігі жоғары және мал азығына пайдалы. Мысалы, құмайдың (сорга) неміс, француздық сұрыптары эксперимент ретінде егілуде. Қайсы біздің топырақты жерсінеді келешекте сол түрін егіп, дамытамыз. Осының барлығын өсіру кезінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігі байқалады. Екінші мәселе – өнімдерді сату. Ірі шаруашылықтарда мұның барлығын ұйымдастыру жеңіл. Бидай өсіріп отырған шаруашылықтармен кездескенде, Ресейден тасымалданған бидайдың жергілікті өнім бағасының құлдырауына әкеліп соққанын айтып, мемлекет сырттан келетін бидайға тоқтау салды. Енді диқандар арпа өнімдері мен басқа да дәнді дақылдарға осындай шара алынса деп отыр. Тағы бір түйткіл – майлы дақылдарды өсіріп отырған шаруа қожалықтары өнімді экспорттағанда оған төленетін БАЖ салығының әсерінен күнбағыс майы өндірілген өзіндік құнын жаба алмай отырғанын айтып, қапалануда. Біз бұл мәселені ауыл шаруашылық министрінің алдында бұған дейін де қойып келдік. Тағы да көтереміз. Бүгінгі мақсатымыз – «Ауыл аманаты» бағдарламасын халыққа әрі қарай түсіндіре отырып, пайдасы мен тиімділігін насихаттау. Қазіргі таңда облыс көлемінде жүріп жатқан жұмыстар қарқынды. Келесі жылға тағы 4 млрд қаржы сұрап, өтінім жолдадық, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы.

Гүлжаз Баделова,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале